Мәсіхті өз көздеріңмен көрмеген болсаңдар да, Оны сүйесіңдер. Қазір де көре алмағанмен, Оған сенесіңдер. Сондықтан сендер сөзбен суреттеуге болмайтын ұлы да керемет қуанышпен шаттанып тұрсыңдар.
Петірдің 1-хаты 1:8
Күнделікті нұр
Мәсіхті өз көздеріңмен көрмеген болсаңдар да, Оны сүйесіңдер. Қазір де көре алмағанмен, Оған сенесіңдер. Сондықтан сендер сөзбен суреттеуге болмайтын ұлы да керемет қуанышпен шаттанып тұрсыңдар.
Петірдің 1-хаты 1:8
Ал біз көргенімізбен емес, сенімімізбен өмір сүреміз.
Қорынттықт. 2-хат 5:7
Біз сүйеміз, себебі Ол бізді алдымен сүйді.
Жоханның 1-хаты 4:19
Біз Құдайдың өзімізге деген сүйіспеншілігін біліп, Оған нық сенеміз. Құдай — сүйіспеншілік. Сол себептен, кім Оның сүйіспеншілігіне сай әрекет ете берсе, ол Құдаймен, Құдай да онымен тығыз қатынаста тұрады.
Жоханның 1-хаты 4:16
Басқа ұлттық сендер де шындық туралы сөзді: өздеріңді құтқарған Ізгі хабарды естіп, Мәсіхке сенім артқанда Онымен тығыз байланысқа түстіңдер. Уәде етілген Киелі Рух сол кезде бойларыңа кірді, Ол — сендердің Құдайдың меншігі екендіктеріңнің белгісі.
Ефестікт. хат 1:13
Құдай оларға осы құпия хабарда басқа ұлттар үшін қаншама мол жарылқау бар екенін білдірмек болып шешті: Мәсіх жүректеріңнен орын алды, сол себептен болашақ ұлылықтан үміттісіңдер.
Қолостықт. хат 1:27
Біреу «Құдайды сүйемін» дей тұра, бауырын жек көрсе, оның өтірікші болғаны. Себебі көз алдындағы бауырын сүймейтін кісі көзге көрінбейтін Құдайды қалай сүйе алады?
Жоханның 1-хаты 4:20
Иса: — Тома, сен Мені көргендіктен Маған сеніп тұрсың. Ал Мені көрмесе де сенетіндер бақытты! — деп жауап берді.
Жохан 20:29
Ұлының аяғын сүйіп бағыныңдар! Әйтпесе Ол кәрленіп, көздеріңді құртпақ, Ашуы лезде жалындай лауламақ. Ал Оған сенгендер бақытты болмақ.
Забур жырлары 2:12
Сол кезде Яһуда елі құтқарылып, Солтүстік Исраил де аман-есен өмір сүретін болады. Патша: «Әділдігіміздің қайнары — Жаратқан Ие» деп аталмақ.
Еремия 23:6
Бәріміз де күнәға батып рухани ластанып кеттік! Күллі әділ істеріміздің өзі лас шүберектей жиренішті! Солып қалған жапыраққа ұқсаймыз, күнәларымыз бізді желдей ұшырып әкетеді.
Ишая 64:6
Жердің беті егінге тола берсін, Қырда дәнді сабақтары өсіп-өнсін, Олар Ливан орманындай сыңсып тұрсын, Қаланың тұрғындары да шөптей көбейсін.
Забур жырлары 71:16
Жаратқан Иеге қатты қуанам, Құдайыма шаттанады жан дүнием, Мені Ол құтқарып, амандыққа бөледі, Үстіме әділдікті де жауып берді! Күйеу жігіт діни қызметкер іспетті Әшекейлі тәж басына киеді, Қалыңдық асыл тастарын тағады, Дәл солай мен де болдым салтанатты!
Ишая 61:10
Бірақ әкесі қызметшілеріне бұйырып: — Тезірек ең жақсы шапанды әкеліп, балама жабыңдар! Қолына мөрлі жүзік, аяғына кебіс кигізіңдер!
Лұқа 15:22
Оған кіршіксіз таза, жылтыраған ақ бәтес киімдер берілді». — Сол ақ бәтес киімдер Құдай халқының әділ істерін білдіреді.
Аян 19:8
Иә, мен бәрін де залал деп санаймын, өйткені Ием Иса Мәсіхті жақыннан танып білу өзге нәрселерден әлдеқайда жоғары. Иеме бола бұлардың бәрінен айырылдым, оларды түкке тұрғысыз сыпырынды деп санаймын да. Осылайша қабылдайтын сыйым — Мәсіхтің Өзі. Онымен тығыз байланыста тұруым үшін Таурат заңын орындауға негізделген жеке басымның ақталуына сүйенбеймін, қайта, Мәсіхке деген сенім арқылы Құдайдан ақталған адам болғым келеді.
Філіпілікт. хат 3:8–9
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 31 қаң.
2014 ж. 30 қаң.
2014 ж. 29 қаң.
2014 ж. 28 қаң.
2014 ж. 27 қаң.
2014 ж. 26 қаң.
2014 ж. 25 қаң.

Бауырлас Махаббат
Бұл мақала 1 Жоханға сәйкес мәсіхші бауырластығын анықтайды, ол тек белгілі бір конфессияны емес, Исаға…
Әке Құдай
Исаның Оны ашқанынан бастап, сенушілердің Мәсіх арқылы Оның балалары болуына дейін, Киелі кітаптың Әке Құдай…

Ізгі хабар
«Інжіл» сөзінің мағынасы «жақсы хабар» немесе «қуанышты хабар» дегенді білдіреді. Бұл сөз әдетте тек төрт…

Құтқарылу
Жанартау біраз уақыттан бері гүрілдеп, түтін мен аздаған лава шығарып тұрған. Бірақ, Армеро тұрғындары…

Кереметтер
Өлімнен тірілген адам туралы вирустық видеоның мәлімдемелерін талдау, оны тірілу, жұмақ және тозақ туралы…

Жаратылыш
Құдайдың адамды неліктен Өз бейнесінде жаратқанын біліңіз. Құдайдың сүйіспеншілік табиғатының адамзатты…