Ал егер елдің тұрғындарын қуып жібермесеңдер, онда елде қалып қойғандары көздеріңе тікендей кіріп, денелеріңе жаңқадай қадалып, қоныстанған сол елдеріңде сендерге жәбір көрсететін болады.
Руларды санау 33:55
Күнделікті нұр
Ал егер елдің тұрғындарын қуып жібермесеңдер, онда елде қалып қойғандары көздеріңе тікендей кіріп, денелеріңе жаңқадай қадалып, қоныстанған сол елдеріңде сендерге жәбір көрсететін болады.
Руларды санау 33:55
Сенімнің ізгілікті мүддесі үшін жан сала күресіп, мәңгілік өмірді берік ұстан. Құдай сені осыған шақырды, өзің де көптеген куәлардың алдында Ізгі хабарды мойындадың.
Тімотеге 1-хат 6:12
қолданып жүрген қаруларымыз осы дүниелік емес, оларда Құдайдың құдіреті бар. Солармен жау бекіністерін талқандаймыз; оның дәлелдемелерінің қате екенін әшкерелеп, адамдардың Құдайды тануларына бөгет болатын тәкаппарлық атаулыны құртып, күллі ой-пікірлерін Мәсіхке бағындырамыз.
Қорынттықт. 2-хат 10:4–5
Сондықтан, қымбатты бауырластар, ескі күнәкар болмысымыздың еркімен өмір сүруге міндетті емеспіз! Өйткені егер оның еркіне сай өмір сүрсеңдер, Құдайдан ажырап, мәңгілік өлімге ұшырайсыңдар. Ал егер Киелі Рухтың күшімен күнәкар болмыстарыңның іс-әрекетінен мүлдем бас тартсаңдар, шынайы өмір сүресіңдер.
Римдіктерге хат 8:12–13
Өйткені ескі болмысымыздың қалауы Киелі Рухқа қарсы, әрі Рухтың қалауы ескі болмысымызға қарсы. Бұл екеуі бір-біріне қарама-қайшы, сондықтан игі ниеттеріңді жүзеге асыра алмайсыңдар.
Ғалаттықт. хат 5:17
бірақ бойымда басқа бір заңдылықтың да бар екенін байқаймын: ол ақыл-ойым қалайтын жақсылыққа қарсы шығып, мені бойымдағы күнәлі құмарлыққа кіріптар етеді.
Римдіктерге хат 7:23
Ал осының бәрінде біз өзімізді шексіз сүйетін Иеміздің арқасында ұлы жеңіске жетеміз.
Римдіктерге хат 8:37
Егер бір адам басқа біреудің алдында кінәлі болып қалса, онда Құдай тағайындаған билер екеуінің арасында жүріп, оның сөзін сөйлей алады. Ал егер ол Жаратқан Иенің Өзіне қарсы күнә жасаса, онда сол пенденің сөзін кім сөйлейді?» Әйтсе де ұлдары Елидің айтқанына құлақ аспады. Өйткені Жаратқан Ие оларды өлімге бұйырып қойған болатын.
Патшалықтар 1-ж. 2:25
Балаларым менің, сендер күнә жасамасын деп осыны жазып отырмын. Алайда егер біреуің күнә жасап қойсаң, Әкенің алдында әділ Қорғаушымыз бар. Сол Қорғаушымыз — Иса Мәсіх. Ол өз жанын құрбан етіп, күнәларымыздың құнын өтеді. Өзіміздің ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзаттың да күнәларының құнын өтеді.
Жоханның 1-хаты 2:1–2
Құдай Мәсіхті күнәлардың құнын өтеуші құрбандық етіп көрсетті: Соның қаны төгіліп құрбан болғандығына сенгендерді Құдай кешіреді. Құдайдың әділдігі осы арқылы айқын көрінеді. Себебі Ол бұрыннан бері шыдамдылық көрсетіп, адамдарға күнәларына лайықты жазаларын дереу тартқызбай жүрген еді. Ал қазіргі заманда Ол Өзінің әділдігін осылай дәлелдейді: Құдай әділ, Ол Исаға сенуші әркімді ақтап алады.
Римдіктерге хат 3:25–26
онда ол: «Оны көрге түсуден аман сақтап қала гөр! Оның жанының құнын өтейтін төлемді таптым!» деп мейірім көрсететін болады.
Әйүп 33:24
Бұл жайында не дейміз? Құдай жақтаса, бізге кім қарсы шыға алады?!
Римдіктерге хат 8:31
Құдайдың таңдап алғандарына кім айып таға алады? Құдайдың Өзі оларды ақтайды, ендеше кім үкім шығара алады? Мәсіх Иса біз үшін өлді, Ол қайта тірілді де. Содан Ол Құдайдың оң жағынан орын алып, бізді қолдауда.
Римдіктерге хат 8:33–34
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 30 қаң.
2014 ж. 29 қаң.
2014 ж. 28 қаң.
2014 ж. 27 қаң.
2014 ж. 26 қаң.
2014 ж. 25 қаң.
2014 ж. 24 қаң.

Киелі Рух
Римдіктерге 8:1 – бұл абсолютті ақиқат мәлімдемесі: «Енді Мәсіх Исаның оң қолында болғандарға ешқандай…

Құтқарылу
Римдіктерге 8 – Құдайдың жеңісі және біздің баталарымыз – Құдайдың жеңісі және біздің баталарымыз. Құдай…

Сенім
Имандылар сынақтардан «жеңімпаздан да артық» болып шығады, Құдайдың көмегімен күшейе түседі. Әйүп пен Петрдің…

Суицид
Суицид, мәңгілік қауіпсіздік және сенушінің Мәсіхтегі тағдыры туралы Киелі кітаптағы көзқарасты, тіпті терең…

Мұса заңы
Заңның мақсатын, оның шектеулерін және христиандардың неліктен оның айыптауының астында емес екенін түсініңіз.

Пайғамбарлық
Самуил тек пайғамбар ғана емес, сонымен қатар соңғы би болды. Ол діни қызметкер де болды: «Самуил Иеміздің…