Ақбұлақ

Шолу

  • Кітаптар
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік

Байланысу

  • Біз туралы
  • Байланыс

Қадам жасаңыз

  • Құдайды тану
  • Інжілді оқыңыз

Бүгінгі оқуды email арқылы алыңыз

© 2026 Ақбұлақ. Тегін христиан кітапханасы. Көптеген мақалалар қайта басылған; рұқсаттар дереккөзге байланысты.

Қолдау
Ақбұлақ
  • Мақалалар
  • Оқу жоспарлары
  • Сөздік
Құдайды тануКіру
Ақбұлақ
Ақбұлақ
  • Күнделікті Жарық
  • Иеміз жақын

2014 ж. 30 қаңтар, бейсенбі

Күнделікті нұр

Күнделікті жарық
Барлық жазбалар

Осылай өз сенімдерін айқын паш еткен қалың көпшілік бізді жарыстағы жанкүйерлердей қоршап тұр. Сондықтан да бізге бөгет болатынның барлығынан, әсіресе, тез шырмап алатын әрбір күнәдан арылып, алдымыздағы «жарысты» қажырлылықпен аяқтайық! Басқа жаққа мойын бұрмай, бар назарымызды Исаға аударайық! Бастапқыда сенім жолын салған Ол бізді сеніміміз арқылы Құдай белгілеген мақсатымызға жеткізеді де. Иса Өзін күтіп тұрған зор қуаныш үшін айқышқа шегеленудің қорлығын елемей, соған төзді. Бұдан кейін Ол Құдайдың тағының оң жағындағы құрметті орнына жайғасып отырды.

Еврейлерге хат 12:1–2

Бұдан кейін Иса халықтың бәріне арнап мынаны айтты: — Маған еріп шәкіртім болғысы келген әркім өз еркі бойынша өмір сүруін қойсын, әрі айқышын арқалаған кісідей азапты өлімге күн сайын дайын болып Менің жолыммен жүрсін!

Лұқа 9:23

Сол сияқты, сендердің ешқайсың да бар нәрсеңнен бас тартпай Менің шәкіртім бола алмайсыңдар.

Лұқа 14:33

Түнгі уақыт бітуге таяп қалды, ал Мәсіхтің күні жақындады. Сондықтан қара түнектегі жаман істерден бас тартып, жамандыққа қарсы тұратын «нұрдың қаруын» асынайық!

Римдіктерге хат 13:12

Әрбір жарыскер барлық жағынан қатаң ұстамдылық танытады. Оның алғысы келетіні — кейінірек солып қалатын гүлдестесі ғана, ал біздің алатынымыз — мәңгі солмайтын «жеңіс тәжі»!

Қорынттықт. 1-хат 9:25

Қайта, басқаларды рухани күреске шақырған мен «жүлде» бөліскенде құр алақан қалмау үшін, тәнімді ауыртпалықтарға душар еткізіп, өзіме бағындырып жатырмын.

Қорынттықт. 1-хат 9:27

Бауырластарым, мен бұл мақсатқа жеттім деп санамаймын. Істеп жүргенім бір-ақ нәрсе: өткен нәрселерді ескермей, алдымдағы бәйгеге қарай жан сала жүгіріп келемін. Құдайдың сыйына — Оның Мәсіх Иса арқылы шақырған көктегі өміріне ие болу үшін көздеген мақсатты қуып жүрмін.

Філіпілікт. хат 3:13–14

Ендеше Жаратқан Иені мойындап, Оны жақыннан танып білуге жан сала ұмтылайық! Ертеңгісін таң атпай қоймайтынындай, Жаратқан Иенің келуі де сондай шүбәсіз. Ол бізге игілікті нөсердей, жерді суға қандыратын көктемгі жаңбырдай сөзсіз келетін болады».

Ошия 6:3

Жас кезінен Тәңірге мойынсұнып жүргені Адам баласы үшін сондай игілікті!

Жоқтау 3:27

Баланы жастан салсаң тура жолға, Есейгенде ол содан таймайды да.

Нақыл сөздер 22:6

Туған әке-шешелеріміз бізді тәрбиеледі, біз оларды қастерлеп, сыйлап келеміз. Ендеше шынайы өмірге ие болу үшін көктегі рухани Әкемізге одан бетер мойынсұнуымыз керек емес пе? Әке-шешелеріміз өз пайымдауларынша шектеулі уақыт аралығында жазалап та тәрбиелесе, Құдай бізді нағыз игілігіміз үшін басымызға қиыншылықтар туғызып тәрбиелейді. Осылайша Өзінің қасиетті болғанындай бізді де қасиетті етуді көздейді.

Еврейлерге хат 12:9–10

Өйткені сендерге деген ниетім Өзіме аян: сендерге қасірет емес, амандық пен тыныштық бұйырып, болашақ пен үміт сыйлайтын ниетім бар, — деп нық айтады Жаратқан Ие. —

Еремия 29:11

Сонымен, Құдайдың құдіретті қолының астына бой ұсыныңдар; Өзі белгілеген уақыты жеткенде Ол сендерді жоғарылатпақ.

Петірдің 1-хаты 5:6

ЖИ көмегімен аударылған, Киелі кітап дәйексөздері де соның ішінде — кез келген сілтемені ашып, Киелі кітап аудармасынан оқыңыз.

© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

Ахмет Йүксек ✪ Unsplash сайтындағы фотосы (https://unsplash.com/photos/hazy-mountain-peaks-at-sunrise-or-sunset-jUZUTcnJoQw)

Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).

АлдыңғыКелесі
Оқу параметрлері

Мақала қаріп өлшемі

Соңғы күндер

Барлығын көру→
  • 2014 ж. 29 қаң.

    Жаратылыстың баст. 16:13 · Забур жырлары 139:1–4

  • 2014 ж. 28 қаң.

    Заңды қайталау 33:25 · Марқа 13:11

  • 2014 ж. 27 қаң.

    Жоханның 1-хаты 3:5 · Еврейлерге хат 1:1–3

  • 2014 ж. 26 қаң.

    Еврейлерге хат 13:13–14 · Петірдің 1-хаты 4:12–13

  • 2014 ж. 25 қаң.

    Римдіктерге хат 3:22 · Қорынттықт. 2-хат 5:21

  • 2014 ж. 24 қаң.

    Філіпілікт. хат 4:5 · Салониқал. 1-хат 4:16–18

  • 2014 ж. 23 қаң.

    Римдіктерге хат 5:5 · Ишая 49:23

Ұқсас мақалалар

  • Қақтығыстағы әулиелер үшін Құдайдың рухани қаруын түсіну

    Рухани соғыс

    Әулиелердің қақтығыстағы Құдайдың рухани қаруын түсінуі

    Ібілістің айла-шарғысына қарсы тұру үшін Құдайдың сенушілерге беретін рухани қаруын түсініңіз.

    2023 ж. 30 нау.·Дж. Макл
  • Христиан ізбасары болу деген не?

    Шәкірттік

    Мәсіхші ізбасар болудың шынайы мағынасы неде?

    Мәсіхші болудың шынайы мағынасын ашыңыз, Мәсіхтің құлы болудың киелі кітаптық тұжырымдамасын қабылдаңыз.

    2023 ж. 14 қыр.·Тим Хэдли
  • Таңды аңсау: Пауылдың дауылы және Мәсіхтің оралуы

    Үміт

    Таңды аңсау: Павелдің дауылы және Мәсіхтің қайтып келуі

    Павелдің Римге сапары рульші мен кеме иесі қалағандай тегіс болмады. Павел олардың бәрін тамақ ішуге шақырып…

    2025 ж. 31 нау.·Хьюго Баутер
  • Ібілістің алдауына қарсы тұру үшін Құдайдың қаруын түсіну

    Рухани соғыс

    Ібілістің алдауына қарсы тұру үшін Құдайдың сауытын түсіну

    Христиандарда сауыттың үш түрі бар. Құдайдың сауытының сенушілерді ібілістің айла-шарғысынан қалай…

    2025 ж. 18 ақп.·Том Стир
  • Нағыз Via Dolorosa-мен жүріңдер: Исаның өзін теріске шығару жолы

    Шәкірттік

    Нағыз Via Dolorosa-мен жүріңіз: Исаның өзін-өзі теріске шығару жолы

    Via Dolorosa Иерусалимдегі жай ғана физикалық жол емес. Иса қалай жүрсе, солай жүруді үйреніңіз, өзін-өзі…

    2025 ж. 24 шіл.·Дэвид Рид
  • Мәсіхтің айқышы: Әлсіздік, қарғыс және өмірдің соңы

    Өтеу

    Мәсіхтің Кресті: Әлсіздік, қарғыс және өмірдің соңы

    Крест Мәсіхтің әлсіздігін, қарғысын және өлімін ашады – және бізді өзімізге, тәнге және әлемге өлуге шақырады.

    2025 ж. 3 қаң.·Белгісіз