Жалақор адамдар елде орнықпасын, Зорлықшылдарды апат қуып ұстасын.
Забур жырлары 139:12
Күнделікті нұр
Жалақор адамдар елде орнықпасын, Зорлықшылдарды апат қуып ұстасын.
Забур жырлары 139:12
Тәңір әрқашан да пенденің істеріне назар аударады. Оның басқан әрбір қадамын Ол көріп отырады. Зұлымдық істеушілер бас сауғалап құтыла алатындай қараңғылық та, қара түнек те болмайды.
Әйүп 34:21–22
Әлде адам құпия жерге тығылып, Менің көзімнен тасалана алады деп ойлайсыңдар ма? Аспан мен жердің барлық жерінде Мен бармын, солай емес пе? — деп ескертеді Иеміз.
Еремия 23:24
Уа, Ием, жаратқандарыңа шаттанамын, Ұлы істеріңе қуана ән саламын. О, Ием, қандай керемет Сенің істерің, Түпсіз терең Сенің ой-ниеттерің!
Забур жырлары 91:5–6
Бірақ Сен, уа, Ием, мәңгі үстемсің! О, Жаратқан, жауларың Сенің, Иә, бар жауларың да сөзсіз құриды, Сол зұлымдық жасайтындар шашырайды.
Забур жырлары 91:9–10
Қабырғалары кірігіп бір тұтасқан Қала болып Иерусалим салынған.
Забур жырлары 121:3
Қалада тұр билердің орындықтары, Дәуіттің әулетінің патшалық тақтары. Амандық тілеңдер Иерусалим үшін: «Қаланы сүйетіндер өркендесін, Қамалыңның ішінде амандық болсын, Сарайларыңда тыныштық орнасын!»
Забур жырлары 121:5–7
Бұл тек қолы мен жүрегі таза жанға болады, Жат тәңірге табынбай, жалған айтпайтынға болады.
Забур жырлары 23:4
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2015 ж. 2 ақп.
2015 ж. 1 ақп.
2015 ж. 31 қаң.
2015 ж. 30 қаң.
2015 ж. 29 қаң.
2015 ж. 28 қаң.
2015 ж. 27 қаң.

Жүрек
Дәуітті Құдайдың жүрегіне ұқсас адам еткен оның жүрегінің қасиеттерін зерттеңіз. Оның тұтастығын…

Иса Мәсіх
Інжілдегі бай шопандық бейнені зерттеңіз, онда Құдайдың өз халқына шопанның отарына қамқорлық жасағандай…

Құдайға сүйену
«Тәуелсіздік» және «тәуелділік» әр түрлі мағыналарға ие болуы немесе бізде белгілі бір әсер қалдыруы мүмкін…
Әке Құдай
Исаның Оны ашқанынан бастап, сенушілердің Мәсіх арқылы Оның балалары болуына дейін, Киелі кітаптың Әке Құдай…

Құдайдың қорғауы
Құдайдың шексіз сүйіспеншілігі мен үздіксіз қамқорлығы сізді барлық зұлымдықтан, күндіз-түні, кез келген…

Мейірімділік
Жақсы Самариялық туралы астарлы әңгіме Құдайдың өліп бара жатқан күнәкарларға деген мейірімділігін көрсетеді…