Менің айтайын дегенім мынау, бауырластарым: осы заманның ақыры таяп қалды. Сондықтан бұдан былай әйелі барлар үйленбегендей,
Қорынттықт. 1-хат 7:29
Күнделікті нұр
Менің айтайын дегенім мынау, бауырластарым: осы заманның ақыры таяп қалды. Сондықтан бұдан былай әйелі барлар үйленбегендей,
Қорынттықт. 1-хат 7:29
Пенденің өмірі қып-қысқа, соның өзі де әбден мазасыз. Адам гүл секілді өсіп шығып, солып қалады, өткінші көлеңкедей болған жерінде қала алмайды.
Әйүп 14:1–2
Осы дүние мен оның ләззаты өткінші, ал Құдайдың еркін орындаушылар мәңгі өмір сүреді.
Жоханның 1-хаты 2:17
яғни Адам атамен байланыстағылардың бәрі өлуге тиіс болғанындай, Мәсіхпен байланыстағылардың бәрі де тіріледі.
Қорынттықт. 1-хат 15:22
Бұл жүзеге асып, құритын нәрселер мәңгілік нәрселермен алмасқан шақта Пайғамбарлар жазбаларындағы мынадай уәделер орындалады: Өлім жеңіліп, біржола жоқ болады.
Қорынттықт. 1-хат 15:54
Себебі өмір сүрсек, Иемізді даңқтау үшін өмір сүреміз, ал өлсек, Иемізді даңқтау үшін өлеміз. Сонымен өмір сүрсек те, өлсек те, Иеміздің меншігіміз.
Римдіктерге хат 14:8
Себебі Мәсіх — менің өмірім, ал өлім мен үшін ұтыспен тең.
Філіпілікт. хат 1:21
Ендеше жігер берген нық сенімдеріңнен күдер үзбеңдер! Сол үшін берілетін зор сый алдарыңда күтіп тұр. Құдайдың еркін орындап, Оның уәде еткенін иемдену үшін төзімді болуларың қажет. Себебі келуге тиісті Ол сәлден кейін келіп, еш кешікпейді.
Еврейлерге хат 10:35–37
Түнгі уақыт бітуге таяп қалды, ал Мәсіхтің күні жақындады. Сондықтан қара түнектегі жаман істерден бас тартып, жамандыққа қарсы тұратын «нұрдың қаруын» асынайық!
Римдіктерге хат 13:12
Күллі дүние атаулының ақыры таяп келеді. Сондықтан сиынып дұға ете алу үшін байсалды да салауатты болыңдар!
Петірдің 1-хаты 4:7
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
2015 ж. 26 сәу.
2015 ж. 25 сәу.
2015 ж. 24 сәу.
2015 ж. 23 сәу.
2015 ж. 22 сәу.
2015 ж. 21 сәу.
2015 ж. 20 сәу.

Азғыру
Иса Мәсіхтің, «Азғырылған тастың» сынақтары арқылы қалай ашылғанын біліңіз. Ол азғыруды жеңді және бізге…

Христология
Шатырдағы алтын заттардың, соның ішінде құмыраның, құрбандық үстелінің, тақтаның және хош иісті заттар…

Үміт
Павелдің Римге сапары рульші мен кеме иесі қалағандай тегіс болмады. Павел олардың бәрін тамақ ішуге шақырып…

Рухани соғыс
Христиандарда сауыттың үш түрі бар. Құдайдың сауытының сенушілерді ібілістің айла-шарғысынан қалай…

Күнә
Құмарлықтың не екенін және оны рухани жетілу арқылы және Құдайдың еркіне назар аудару арқылы қалай жеңуге…

Пайғамбарлық
Киелі кітап келе жатқан бір әлемдік шіркеу туралы не айтады? Киелі жазбаның Шіркеу, діннен безіну және соңғы…