Арамзалар жиынын еш жаратпаймын, Зұлымдармен ешқашан отырмаймын.
Забур жырлары 25:5
Күнделікті Жарық

Арамзалар жиынын еш жаратпаймын, Зұлымдармен ешқашан отырмаймын.
Забур жырлары 25:5
Алайда шындықты білдіретін Құдай Рухы келгеннен кейін сендерді бар шындыққа жеткізеді. Себебі Ол Өзінен шыққан сөзді емес, көктегі Әкемнен естігенін айтады және болашақта не болатынын сендерге хабарлайды.
Жохан 16:13
Сөз әуелден-ақ Құдайда болатын. Құдай бәрін Сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған. Сөз өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр еді. Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек Нұрды жеңе алған емес. Құдай жіберген Жақия есімді адам болды. Жақия Нұрдың куәсі болып, барлық адамдарды өзінің куәлігі арқылы Нұрға сендіру үшін келді. Жақияның өзі Нұр емес еді, ол Нұр туралы хабарлау үшін келген болатын. Әр адамға сәулесін түсіретін шынайы Нұр бұл дүниеге келе жатты. Ол бұл дүниеде бар еді, бірақ әлемді жаратқан Сол болса да, адамдар Оны таныған жоқ. Өзі таңдап алған халқына келгенімен, олар Оны қабылдамады. Бірақ Оны қабылдап, Оған сенім артқандардың бәрін Ол Құдайдың рухани балалары болуға құқықты етті. Бұлар табиғи жолмен, пенденің қалауы бойынша бұл дүниеге келгендіктен емес, Құдай оларға шынайы өмір бергендіктен ғана Оның рухани балалары болды. Сөз адамға айналып, арамызда өмір сүрді. Сонда біз Әкенің жалғыз рухани Ұлының асқан ұлылығын көрдік: Ол рақымдылық пен шындыққа толы еді. Жақия пайғамбар Ол туралы дауыстап куәлік етіп: — Менен кейін Келе Жатқанның жолы менен үлкен, өйткені Ол мен тумастан бұрын бар болатын деген Кісім Осы, — деді. Оның шексіз рақымынан бәріміз молынан жарылқанып келеміз. Құдай ата-бабаларымызға Таурат заңын Мұса пайғамбар арқылы берді, ал рақым мен шындық бізге Иса Мәсіх арқылы жетті. Құдайды ешкім ешқашан көзімен көрген емес. Әкесімен тығыз байланыстағы жалғыз рухани Ұлы бізге Оны жақыннан танытты. Жақия былай деп куәлік берген еді: яһудилердің басшылары діни қызметкерлер мен леуілік көмекшілерді Иерусалим қаласынан Жақияға жіберіп, «Сен кімсің?» — деп сұратты. Сонда ол жауап беруден бас тартпай: — Мен (Құдай жіберемін деп уәде берген Құтқарушы) Мәсіх емеспін, — деп ашық айтты.
Жохан 1 2:20
Қайта, Жаратқан Иенің білдірген тәлімдері мен ескертулеріне көңіл бөліп, соларға сүйеніңдер!» — Егер халық осы хабарларыма сай сөйлемесе, онда оларға атар таң жоқ.
Ишая 8:20
Күллі жер Жаратқан Иені қастерлесін, Әлемнің бар халқы Оны құрметтесін,
Забур жырлары 32:8
Дененің «шамы» — көз. Көзің кіршіксіз таза болғанда өмірің түгелдей нұрға кенеледі.
Матай 6:22
Соның еркін орындағысы келген әркім осы ілім Құдайдан ба, әлде Мен өз бетіммен сөйлеп тұрмын ба, соны білетін болады.
Жохан 7:17
Сол жерде даңғыл жол болып, ол «Қасиеттілік жолы» деп аталмақ. Бұл жолмен арам ниетті адамдар емес, тек Құдайдың халқы жүреді. Менмен ақымақтар оған еш түспейді.
Ишая 35:8
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
2024 ж. 5 қар.
Мысырдан шығу 30:23
2024 ж. 4 қар.
Петір 1 1:6
2024 ж. 3 қар.
Ошия 14:9
2024 ж. 2 қар.
Салониқал. 1-хат 5:15
2024 ж. 1 қар.
Нақыл сөздер 8:34
2024 ж. 31 қаз.
Зәкәрия 4:6
2024 ж. 30 қаз.
Жоқтау 3:26

Сенім
Өмір – жарыс, бірақ жеңіс дүниелік табыста емес. Мәңгілік сыйлығыңызды жеңіп алу үшін Сүлейменнің…
Рождество
Осы Рождествода Мәсіхте шынайы тиесілілікті, қауіпсіздікті және оптимизмді табыңыз. Жердегі үйлер құласа да…
Қайғы
Мәсіхшілер неліктен азап шегетінін, бастапқы күнәдан бастап Құдайдың түзетуіне дейін біліңіз. Әйүп пен…
Көкке көтерілу
Алып кетуді, оның Киелі кітаптағы негізін және неліктен христиандардың Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты…
Иса Мәсіх
Иеміз Иса Мәсіх – адамзат тарихы білген ең ұлы ұстаз. Ол бізге Құдай туралы шындықты және адам тағдыры туралы…

Сенім
Өмір – жарыс, бірақ жеңіс дүниелік табыста емес. Мәңгілік сыйлығыңызды жеңіп алу үшін Сүлейменнің…

Рождество
Осы Рождествода Мәсіхте шынайы тиесілілікті, қауіпсіздікті және оптимизмді табыңыз. Жердегі үйлер құласа да…
Жігерлендіру
Христиандардың соғыс пен қиыншылықтар арасында да Исадан тыныштық пен қуаныш таба алатынын біліңіз. Петір мен…

Қайғы
Мәсіхшілер неліктен азап шегетінін, бастапқы күнәдан бастап Құдайдың түзетуіне дейін біліңіз. Әйүп пен…

Көкке көтерілу
Алып кетуді, оның Киелі кітаптағы негізін және неліктен христиандардың Мәсіхтің қайтып келуіне қатысты…