2008 ж. 17 там.
Күнделікті нұр
Өйткені Сенің істегеніңдей құдіретті іс-әрекеттер істей алатын қандай тәңір не аспанда, не жерде бар еді?
Заңды қайталау 3:24
Көктегі кім Иемізбен теңесе алар, Күштілер арасында кім Жаратқанға ұқсар? Уа, Жаратушы Құдай, Әлемнің Иесі, Саған ұқсас кім бар, сондай құдіретті? Адалдығың жан-жақтан қоршайды Сені.
Забур жырлары 88:7, 9
Уа, Ием, ұлттардың табынатын тәңірлері Арасында жоқ Сендей бірде-біреуі! Сенің жасаған кереметтерің іспетті Жоқ басқа ешкімнің де ғажайып істері.
Забур жырлары 85:8
Өз уәдең мен еркіңе сай, Сен осы ұлы істердің бәрін орындап, оны алдыңдағы пендеңе білдірдің. Сен қандай ұлысың, уа, Жаратушы Тәңір Ием! Өз құлақтарымызбен естіген барлық хабарымыз бойынша Саған тең келетін ешкім де жоқ, Сенен басқа құдай да жоқ.
Патшалықтар 2-ж. 7:21–22
Алайда (Киелі жазбаларда) алдын ала жазылғандай, көз көріп, құлақ естімеген, адам ойына ешқашан келмеген игіліктерді Құдай Өзін сүйетіндерге дайындап қойған. Бұны Құдай біздерге Өзінің Киелі Рухы арқылы анық білдірді.
Қорынттықт. 1-хат 2:9–10
Ашылмаған құпиялар Құдай Иеміздікі. Ал ашылғандары бізге және ұрпақтарымызға арналған. Сондықтан да біз осы Таурат заңының күллі ережелерін мәңгі бақи жүзеге асыруымыз керек.
Заңды қайталау 29:29
Тек Жаратқан Иемен мақтансын! — деп (Пайғамбарлар жазбаларында) жазылғандай істеңдер.
Қорынттықт. 1-хат 1:31
Жаратқан Ие мынаны да айтады: Дана даналығымен, мықты мықтылығымен, бай байлығымен мақтанбасын! Ал кім мақтанғысы келсе, тек Менің Жаратқан Ие екенімді және жер бетінде рақым.
Еремия 9:23–24
Мен бәрін де залал деп санаймын, өйткені Ием Иса Мәсіхті жақыннан танып білу өзге нәрселерден әлдеқайда жоғары. Иеме бола бұлардың бәрінен айырылдым, оларды түкке тұрғысыз сыпырынды деп санаймын да. Осылайша қабылдайтын сыйым — Мәсіхтің Өзі.
Філіпілікт. хат 3:8
Мен Ізгі хабар үшін еш ұялмаймын, ол — Мәсіхке сенетін барлық адамдарды, алдымен яһудилерді, сондай-ақ басқа ұлт адамдарын да құтқаратын Құдайдың құдіреті!
Римдіктерге хат 1:16
Сондықтан мен Иса Мәсіхпен тығыз байланыста жүріп, Құдай үшін атқарған жұмысымды мақтан тұтамын.
Римдіктерге хат 15:17
Өзіңнен басқа кімім бар еді көкте? Өзге ештеңе аңсамаймын жерде де!
Забур жырлары 72:25
Жаратқанға шын жүректен шаттанамын ... Мені құтқарғаныңа қатты қуанамын!
Патшалықтар 1-ж. 2:1
Біздің емес, уа, Жаратқан, тек Сенің атың Рақымың мен адалдығың үшін даңқталсын!
Забур жырлары 113:9
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2008 ж. 17 там.
2008 ж. 16 там.
2008 ж. 15 там.
2008 ж. 14 там.
2008 ж. 13 там.
2008 ж. 12 там.
2008 ж. 11 там.

Дұға
Жоқтау забурлары сенушілерге Құдайға адал шағымдар мен сұрақтарды жеткізуді үйретеді. Киелі кітаптағы…
Жігерлендіру
Сенушілер қиын уақытта жігерлендіруді қайдан табады? Шынайы жігерлендіру Құдайдан, Жазбалардан, Інжілден және…

Киелілік
Киелі кітаптың әулиелер туралы шынымен не үйрететінін біліңіз. Әрбір сенуші рухани суперқаһармандар ғана…

Жүрек
Дәуітті Құдайдың жүрегіне ұқсас адам еткен оның жүрегінің қасиеттерін зерттеңіз. Оның тұтастығын…

Кішіпейілділік
Иса жеке шабуылға ұшырағанда момындық танытты, бірақ Құдайдың мүдделері үшін қасиетті ынта көрсетті…

Христология
Мәсіхтің Ескі Өсиетте типтер, пайғамбарлықтар және символдар арқылы қалай ашылғанын зерттеңіз. Таныс оқиғалар…