2009 ж. 9 қыр.
Күнделікті нұр
Олар Мені әрдайым қастерлей алулары үшін оларға шын жүректен бірігіп, бір жолмен жүруді сыйлаймын. Бұл олардың өздері мен кейінгі балалары үшін игілікті болады.
Еремия 32:39
Өздеріңе жаңа жүрек сыйлап, бойларыңа жаңа рух дарытамын.
Езекиел 36:26
Жаратқан Ие ізгі де әділетті, Сондықтан күнәкарға ақ жолды сілтейді, Кішіпейілді әділдікке бағыттайды, Әрі тура жолын оған нұсқайды. Келісімнің ережелерін ұстанған жанды Жаратқан рақым әрі шындықпен бастайды.
Забур жырлары 24:8–10
Әке, Мені Өзіңнің жібергендігіңе адамзаттың сенуі үшін, Сенің Менімен, Менің де Сенімен тығыз байланыста тұрғанымыздай, сенушілер де Екеуімізбен тығыз байланыста тұрып, бәрі біртұтас болсын деп өтінемін.
Жохан 17:21
Сонымен Иемізге қызмет еткеніме бола түрмеде жатқан мен сендерге Құдайдың өздеріңді шақыруына лайық өмір сүріңдер деп ескертемін. Барлық жағдайларда кішіпейіл, ілтипатты ... Құдай Рухымен иемденген бірліктеріңді өзара байланыстырған татулық арқылы сақтауға ұмтылыңдар! Бәріміз біртұтас рухани денеміз, Құдайдың Рухы да Біреу, сол сияқты Құдай сендерді шақырғанда бірдей үміт берді. Иеміз бір, бір сенімдеміз, шомылдыру рәсіміміз де бірдей. Барлығымыздың бір Құдай Әкеміз бар, Ол бәрімізден үстем және бәріміз арқылы әрекет етіп, бәріміздің жүрегімізден орын алды.
Ефестікт. хат 4:1–6
Ал сенім артқандар Жаратқан Иеге Жаңа күш-қуатты иемденеді де.
Ишая 40:31
Себебі өзім күшсіз болғанымда Ол арқылы күштімін.
Қорынттықт. 2-хат 12:10
Құдайым маған күш-қуат сыйлайды.
Ишая 49:5
Бірақ Ол маған былай деді: «Менің рақымым саған жетер: күшсіз жағдайыңда Менің құдіретім толықтай іске аса алады». Сондықтан Мәсіхтің құдіретінің бойымда орнығуы үшін, күшсіздігіме қуана мақтанамын.
Қорынттықт. 2-хат 12:9
Әйтпесе солар Мені паналасын.
Ишая 27:5
Жаратқан Иеге арт бар уайымыңды, Ол сені қолдап.
Забур жырлары 54:23
Керемет епті қарулы қолдары. Оны Жақып сиынған құдіретті Құдайы — Исраилді қолдап жүретін Бағушысы.
Жаратылыстың баст. 49:24
Маған батаңды бермейінше сені жібермеймін, — деп жауап берді.
Жаратылыстың баст. 32:26
Сен маған қарсы семсер, сүңгі, найзамен келесің. Ал мен саған Әлемнің Иесінің атымен, иә, өзің масқаралап отырған исраилдік әскер саптарының Құдайының атымен келе жатырмын!
Патшалықтар 1-ж. 17:45
(Дәуіттің жыры.) Менімен ерегісіп келгендермен Сен Өзің ерегісе гөр, уа, Ием. Маған қарсы күресіп келгендермен Сен Өзің күресе гөр, уа, Ием. Сауыт киіп, қалқаныңды қолыңа алшы, Мені қолдап айқасуға дайындалшы.
Забур жырлары 34:1–2
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 9 қыр.
2009 ж. 8 қыр.
2009 ж. 7 қыр.
2009 ж. 6 қыр.
2009 ж. 5 қыр.
2009 ж. 4 қыр.
2009 ж. 3 қыр.
Мәсіх
Ишая 52:13-15, Мәсіхтің азап шегуі мен жоғары көтерілуі туралы пайғамбарлықты ашыңыз. Иса Мәсіхтің құдайлық…

Рухани өсу
Лоттың рухани сәтсіздігіне әкелген бес қадамды, қате көзқарастан бастап түпкілікті жойылуға дейін зерттеңіз…
Киелендіру
Жеке өмірде, адамдармен қарым-қатынаста және жергілікті қауымда библиялық бөлінуді түсініңіз.
Христиандық бірлік
Мәсіхтің аяқталған ісіне негізделген мәсіхшілердің бірлігі сенбейтін әлемге қалай күшті куәлік ететінін…
Христиандық бірлік
Христиандардың бүгінгі әлемде Оның денесі ретінде белсенді өмір сүру арқылы Иса Мәсіхке қалай қуатты және…
Шәкірттік
Исаның айқышқа керілуіне дейінгі шәкірттеріне берген соңғы нұсқауларын, соның ішінде қызмет, сүйіспеншілік…