2009 ж. 10 қыр.
Күнделікті нұр
Бұл күнәкар дүниенің өмір сүру салтын үлгі етпеңдер, қайта, ой-тілектерің Құдайдың жаңартуымен түбегейлі өзгерсін!
Римдіктерге хат 12:2
Көпшілікке еріп те зұлымдық жасама!
Мысырдан шығу 23:2
Осы күнәкар дүниемен достасу Құдайға қастық екенін білмейтін бе едіңдер? Осы дүниемен дос болғысы келген әркім Құдайдың жауына айналады.
Жақыптың хаты 4:4
Себебі әділдік пен заңсыздық арасында ортақ не бар? Яки жарық пен түнек қалай тығыз байланыста тұрмақ? Мәсіх пен белияр (шайтан) арасында ынтымақ бола ала ма? Мәсіхке сенуші мен сенбейтіннің арасында ортақ не бар? Құдайдың киелі үйі мен жалған тәңірлер арасында қандай келісімнің болуы мүмкін?
Қорынттықт. 2-хат 6:14–16
Осы күнәлі дүниені және ондағы еш нәрсені сүймеңдер! Осы дүниені сүйгендердің көктегі Әкеге сүйіспеншілігі жоқ. Осы дүние мен оның ләззаты өткінші, ал Құдайдың еркін орындаушылар мәңгі өмір сүреді.
Жоханның 1-хаты 2:15, 17
Сол кезде сендер осы күнәкар дүниенің дәстүріне сай өмір сүріп, бізді ауа іспетті қоршап тұрған зұлым күштердің әміршісінің, яғни Құдайға бағынбайтын адамдарды билейтін рухтың жетегінде жүрдіңдер.
Ефестікт. хат 2:2
Бірақ сендердің Мәсіх туралы үйренгендерің мұндай емес еді ғой! Оның айтқандарын естіп, Онымен тығыз байланысып, шынайы тәлім алып келдіңдер. Себебі шындық Исада.
Ефестікт. хат 4:20–21
Адамдар сол кезде жұмысқа шығады, Кеш түскенше еңбекпен айналысады.
Забур жырлары 103:23
Өзің жаратылған жердің қойнына қайтып кіргенше, жейтін наныңды маңдай теріңді төгіп жүріп табатын боласың.
Жаратылыстың баст. 3:19
Араларыңда жүргенде «Еңбек еткісі келмеген тамақ та ішіп-жемесін» деген қағиданы саналарыңа сіңірдік.
Салониқал. 2-хат 3:10
Бірқалыпты өмір сүруді құрметті іс деп біліңдер. Біз сендерге нұсқау бергендей, міндеттеріңді атқарып, өз қолдарыңмен еңбек етіп күндеріңді көріңдер.
Салониқал. 1-хат 4:11
Қандай істі қолға алсаң да, соны жан сала істе! Себебі о дүниеге аттанған соң, онда не жұмыс істеу, не ойлап жоспарлау, не білім мен ғылым деген атымен жоқ екен.
Уағыздаушы 9:10
Қараңғы түскен соң, ешкім еш нәрсе істей алмайды.
Жохан 9:4
Жақсылық жасаудан талмайық! Себебі бұдан шаршап, бас тартпасақ, тиісті уақытта оның игілікті өнімін Құдайдан қабылдайтын боламыз.
Ғалаттықт. хат 6:9
Иеміздің ісін әрдайым молынан істей беріңдер! Өйткені Иемізбен жүріп атқарған еңбектеріңнің бекер еместігін біліп алдыңдар.
Қорынттықт. 1-хат 15:58
Мұның бәрі осылай болғандықтан, Құдайдың Өзі жетінші күні демалып тыныққаны сияқты, Оның халқы үшін де шынайы тыныштыққа жету мүмкіндігі әлі де бар.
Еврейлерге хат 4:9
Дегенмен сіз бәрімізге бірдей ақы төледіңіз! — деп күңкілдейді.
Матай 20:12
Бұл — тыныш жер, шаршағандардың тынығып демалатын мекені. Осында тыныштықта боласыңдар.
Ишая 28:12
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 10 қыр.
2009 ж. 9 қыр.
2009 ж. 8 қыр.
2009 ж. 7 қыр.
2009 ж. 6 қыр.
2009 ж. 5 қыр.
2009 ж. 4 қыр.

Құдайдың қасиеттері
Киелі Рухтың сенушілерді өздерінің құдайлық табиғатын өмірде көрсетуге, күнәға қарсы тұруға және Мәсіхке…
Құдайдың еркі
Құдайдың еркін түсіну үшін күнделікті Киелі жазбалармен және дұғамен санаңды өзгерт. Дүниелік ықпалдардан…

Дүниеқоңыздық
Worldliness is the enemy of godliness, impacting your heart and obedience. Learn to live unspotted from the…

Рухани өсу
Лоттың өмірі Құдайға шын жүректен мойынсұну туралы маңызды сабақтар береді. Оның моральдық сәтсіздіктері…
Құлшылық
Иса мен сенушілер үлгі еткендей, Құдайды ұлықтау нені білдіретінін біліңіз. Өміріңіз кездескен адамдарға…
Салдары
Ыбырайымның жиені Лоттың қайғылы оқиғасын зерттеп, оның таңдаулары қалай құлдырауға әкелгенін біліңіз. Өз…