2009 ж. 8 қыр.
Күнделікті нұр
Ашыққандарды игілікке кенелтіп, Байларды құр қол қайтарып қуады.
Лұқа 1:53
«Мен баймын, ауқаттымын, еш нәрсеге мұқтаж емеспін», — дейсің. Ал өзіңнің шынында сорлы бейшара, рухани жарлы, жалаңаш әрі соқыр екеніңді білмейсің! Саған рухани баюың үшін отта балқытылып тазартылған «саф алтынды» Менен сатып алуға кеңес беремін. ... Мен сүйетіндерімді әшкерелеп, тәртіпке шақырамын. Енді ынталы болып, өкініп, теріс жолдан қайт!
Аян 3:17–19
Әділдікті аңсап зарыққандар бақытты: олар қанағат табатын болады!
Матай 5:6
Мына бейшара, мүсәпір халқым су іздеп, таба алмайды. Олар шөлдеп, таңдайлары кеуіп қалады. Ал Мен, Жаратқан Ие, мінажаттарына құлақ асамын. Мен, Исраил сиынған Құдай, оларды жалғыз қалдырмаймын.
Ишая 41:17
Мен Жаратқан Ие — бірден-бір Тәңірлеріңмін ... ауыздарыңды ашыңдар айқара, Мен оларды толтырамын жақсылыққа.
Забур жырлары 80:11
Нәрсіз тамақ үшін неге ақша төлейсіңдер? Өздеріңді қанағат қылмайтын нәрселер үшін неге еңбек етесіңдер? Мені мұқият тыңдап, рухани нәрді қабылдаңдар, ағыл-тегіл жақсылықтан жан рақатын табыңдар!
Ишая 55:2
Шынайы өмір сыйлайтын «нан» Менмін. Маған келгендер рухани нәрден тарықпайды, Маған сенгендер ешқашан шөлдемейді!
Жохан 6:35
Ал мен тура жолдан тая жаздадым, Тірегімнен айырылуға шақ қалдым.
Забур жырлары 72:2
«Аяғым таяды!» дегенімде, уа, Жаратқан, Сенің мейірімің болды сүйеніш маған.
Забур жырлары 93:18
Иеміз Иса Шимон Петірге: — Шимон, Шимон, сақ бол! Жұрттың бидайды қауызынан ажырататыны сияқты, әзәзіл шайтанға да сендерді сынақтан өткізуге жол берілді. Бірақ Мен сенімің таусылмасын деп сен үшін мінажат еттім.
Лұқа 22:31–32
Жеті рет жығылса да әділ жан, Қайта тұрып кетер орнынан.
Нақыл сөздер 24:16
Сүрінсе әділ жан, біржола құламайды, Жаратқан оны қолынан демеп қолдайды.
Забур жырлары 36:24
Мені табалама, дұшпаным! Құласам да, қайта тұрамын! Қазір түнекте отырсам да, Жаратқан Ие жарық нұрым болады! — дейді Иерусалим.
Миха 7:8
Құдай сені алты рет қиыншылықтан құтқарады. Апат тіпті жетеу болса да, саған жоламайды.
Әйүп 5:19
Алайда егер біреуің күнә жасап қойсаң, Әкенің алдында әділ Қорғаушымыз бар. Сол Қорғаушымыз — Иса Мәсіх.
Жоханның 1-хаты 2:1
Сол себептен Ол Өзі арқылы Құдайға сиынғандардың бәрін толықтай құтқара алады. Иса мәңгі өмір сүріп, олар үшін өтініш жасайды.
Еврейлерге хат 7:25
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2009 ж. 8 қыр.
2009 ж. 7 қыр.
2009 ж. 6 қыр.
2009 ж. 5 қыр.
2009 ж. 4 қыр.
2009 ж. 3 қыр.
2009 ж. 2 қыр.

Бөліну
2 Қорынттықтарға 6:14-тегі «тең емес мойынтұрық» мағынасын Ескі Өсиет принциптерінен алып, зерттеңіз.

Дін қызметі
Құдайдың оң жағында жоғары көтерілген Мәсіхті, біздің Бас діни қызметшімізді ашыңыз. Оның даңқы біздің…
Билік
Биліктің бұзатын табиғатын және Иса Мәсіхтің мызғымас, әділ билігін, әділдікпен соттайтын бұзылмайтын Патшаны…
Дұға
Хадсон Тейлордың ата-анасының ынталы дұғалары оның дінге келуіне және Қытайдағы миссионерлік қызметке…
Мәсіхке ұқсау
Мәсіх біздің өмір сүру үшін стандартымыз және үлгіміз. Оның іздерін басуды, Құдайды даңқтауды және…

Рухани соғыс
Құдайдың дауысын шайтанның өтіріктерінен Киелі кітаптың шындығымен салыстыру арқылы қалай ажырату керектігін…