Патшаның өзіне жылқыны көптеп ала беруіне болмайды, әрі соларын көбейту үшін халықты Мысырға қайтуға жұмылдырмауға тиіс. Себебі Жаратқан Ие сендерге: «Сол жолмен ешқашан қайтып бармауларың керек» деп бұйырған еді ғой.
Заңды қайталау 17:16
Күнделікті нұр
Патшаның өзіне жылқыны көптеп ала беруіне болмайды, әрі соларын көбейту үшін халықты Мысырға қайтуға жұмылдырмауға тиіс. Себебі Жаратқан Ие сендерге: «Сол жолмен ешқашан қайтып бармауларың керек» деп бұйырған еді ғой.
Заңды қайталау 17:16
Өздері тастап кеткен елдерін естеріне түсіріп отырса, соған қайта оралудың орайы да болар еді. Ал олар одан гөрі жақсы елді, яғни көктегі отандарын, аңсап күтті. Сол себептен де Құдай олардың Құдайы деп аталудан бас тартпайды, соларға арнап Ол көкте мәңгілік қаланы дайындап та қойды.
Еврейлерге хат 11:15–16
Ол күнәкар өмірдің өткінші рақатынан гөрі Құдай халқымен бірге жәбірленуді таңдады. Осылай Мұса (Құдай уәде еткен) Мәсіх үшін масқара болуды Мысырдың қазыналарынан артық байлыққа санады. Себебі ол болашақтағы зор сыйды көздеді.
Еврейлерге хат 11:25–26
Әділ адамым сенімі арқылы шынайы өмір сүреді. Ал кім қаймығып, бағытынан кері қайтса, Мен оған риза болмаймын. Бірақ біз алған бағытынан кері қайтып, тозаққа түсетіндердің қатарынан емеспіз. Қайта, Құдайға нық сеніп, мәңгі құтқарылмақпыз.
Еврейлерге хат 10:38–39
Иса оған: — Артына қарай берген соқашыдай жалтақ адам Құдайдың Патшалығы үшін тиімсіз, — деп жауап берді.
Лұқа 9:62
Мен болсам, Иеміз Иса Мәсіхтің айқыштағы өлімінен басқа еш нәрсеге де мақтанбай-ақ қояйын. Себебі Оның айқыштағы құрбандығының салдарынан осы күнәкар дүние мен үшін, ал мен ол үшін жоқпын.
Ғалаттықт. хат 6:14
Құдаймен бірге еңбектенуші біз сендерден мынаны өтініп, ескертеміз: өздерің қабылдаған Құдайдың рақымы өмірлеріңде өнімсіз болмасын.
Қорынттықт. 2-хат 6:1
Өмірлеріңде игі ісін бастаған Құдайдың оны жалғастыра беріп, Мәсіх Иса қайта оралар күнге дейін толықтай аяқтайтынына кәміл сенемін.
Філіпілікт. хат 1:6
Ал бейқам тұрып жатқан сол елдерге қатты ашулымын. Себебі Мен халқыма едәуір ашуланған кезде олар оған тым көп зорлық-зомбылық жасады. —
Зәкәрия 1:15
Бауырластар, араларыңдағы біреу күнә жасап қойса, сендер оны Киелі Рухтың жетелеуімен ілтипаттылық танытып түзу жолға қайтаруға ұмтылыңдар. Ал өздерің де азғырылудан сақ болыңдар!
Ғалаттықт. хат 6:1
Естеріңде болсын: кім күнәкарды теріс жолдан қайтарса, сол оның жанын рухани өлімнен құтқарып, көптеген күнәларының кешірілуіне себепші болады.
Жақыптың хаты 5:20
Бауырластар, сендерден тағы мынаны өтінеміз: жүгенсіз, бос жүргендерге ескерту жасаңдар, жасқаншақтарға жігер беріңдер, әлсіздерді қолдап, төзімділік танытыңдар!
Салониқал. 1-хат 5:14
Ендеше бір-бірімізді айыптауды тоқтатайық! Қайта, бауырластарыңды істегендерің арқылы тура жолдан тайдырып, азғындыққа түсірмеуге шешім қабылдаңдар!
Римдіктерге хат 14:13
Сенімі берік біздер күмәнданғандардың Таурат заңына сәйкес іс-әрекеттеріне төзіп, оларға көмектесуге тиіспіз. Тек өзімізге ұнайтынды ғана емес,
Римдіктерге хат 15:1
Сүйіспеншілік шыдамды да қайырымды, Еш қызғанбайды, мақтанбайды, паңданбайды,
Қорынттықт. 1-хат 13:4
Әділетсіздікті еш құптамайды, Қайта, ол ақиқатқа сүйсінеді,
Қорынттықт. 1-хат 13:6
Сондықтан өзін «сенімімде берік тұрмын» деп санайтын әркім күнәға батудан сақ болсын!
Қорынттықт. 1-хат 10:12
Киелі кітап үзінділері Daily Light on the Daily Path кітабынан (қоғамдық игілік).
Соңғы күндер
Барлығын көру2014 ж. 3 ақп.
2014 ж. 2 ақп.
2014 ж. 1 ақп.
2014 ж. 31 қаң.
2014 ж. 30 қаң.
2014 ж. 29 қаң.
2014 ж. 28 қаң.

Киелілік
Көптеген христиан әндері бізді Мәсіхке сенушілер ретінде қасиетті өмір сүруге шақырады. Бірінші шумақтан…

Дүниеқоңыздық
Сүлеймен патша әйелдер, қазына және билік сияқты дүниелік «көпіршіктерден» бақыт іздеді, бірақ тек босшылық…

Даналық
Жақыптың 3-5 тарауларын зерттеңіз: Құдайшыл даналық, Құдаймен достық және Мәсіхтің қайтып келуіне байланысты…

Ақталу
Ақталу нені білдіретінін біліңіз: Құдай сенушілерді Иса Мәсіхке деген сенім арқылы әділ деп жариялайды. Бұл…
Жігерлендіру
Сенушілер қиын уақытта жігерлендіруді қайдан табады? Шынайы жігерлендіру Құдайдан, Жазбалардан, Інжілден және…

Шәкірттік
Мәсіхші болудың шынайы мағынасын ашыңыз, Мәсіхтің құлы болудың киелі кітаптық тұжырымдамасын қабылдаңыз.